"Әжетхана қалдығын тазалаймыз": Қаскелеңде 60 жыл бойы жөндеу көрмеген мектеп бар

Әжетхана қалдығын 13 мың теңгеден аптасына екі рет тазартып тұрамыз, дейді мектеп директоры
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Пушкин атындағы орта мектеп бір де бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Білім ошағының жағдайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Қаскелеңдегі Пушкин атындағы орта мектеп бір де бір рет күрделі жөндеу көрмеген
Қаскелеңдегі Пушкин атындағы орта мектеп 1965 жылы пайдалануға берілген. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Кеңес үкіметі кезінде сапалы етіп салынған ғимараттың қабырғалары сыр беріп, сызат түскен.
Қаскелеңдегі Пушкин атындағы орта мектеп бір де бір рет күрделі жөндеу көрмеген
"Жер сілкінгенде осы мектепте болдық. Ондай қатты сезілмеді. Тіпті үшінші қабатта отырған оқушылар мен мұғалімдер де онша сезе қоймаған", - дейді мектеп директоры Эльвира Разақбаева.
Десе де, қабырғадағы жарықшақтар біртіндеп ашылып келеді, жамап-жасқау жұмыстары да нәтиже бермей тұр. Әу баста бұл ғимарат аурухана ретінде салынған деген де ақпарат бар. Мектептің спорт залы үшінші қабатта орналасқан.
Қаскелеңдегі Пушкин атындағы орта мектеп бір де бір рет күрделі жөндеу көрмеген
"Бұған дейін барлық қабаттағы терезелер мен бірінші қабаттағы еден ауыстырылған. Қазіргі күні жобалық сметалық құжаттар жасалып жатыр. Сол құжатқа осы ғимарат жанынан спорт зал мен әжетхана салуды сұрадым. Қазір мәселе қарастырылып жатыр", - дейді Эльвира Разақбаева.
Әжетхана демекші, мектептегі барлық әжетхананы кезінде кабинет етіп ауыстырып тастаған. Ал қазіргі тозығы жеткен әжетхананы мамандар химиялық заттармен күніне бірнеше рет жуып әлек.
Қаскелеңдегі Пушкин атындағы орта мектеп бір де бір рет күрделі жөндеу көрмеген
"Жобалық сметалық құжатқа сол кабинеттерді қайтадан туалет етіп ауыстыруды ұсындым. Бізде өкінішке қарай әжетхана қалдығын аптасына екі рет тазартып тұрамыз. Бір рет тазалағаны 13 мың теңгеге шығады. Асхананы жалға алып отырған кәсіпкерден жартылай төлеп беруін үнемі сұрап тұрамыз", - дейді мектеп директоры.
1 / 9
Қаскелеңдегі Пушкин атындағы орта мектеп бір де бір рет күрделі жөндеу көрмеген
2 / 9

3 / 9

4 / 9

5 / 9

6 / 9

7 / 9

8 / 9

9 / 9

Мектептің әжетхана құбыры қаладағы қалдықтар ағатын орталық құбырға жалғанбаған. Негізі білім ошағы 640 оқушыға арналған, қазір 978 бала оқиды. Сөздің қысқасы, ұстаздар бірнеше жылдан бері қысы-жазы 1000-ға жуық оқушының әжетхана қалдығын тазалаумен келеді.