АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Ұлытау облысында құтқарушылар балшыққа батқан көліктерді эвакуациялап, адамдарды аман алып қалды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 9 наурыз сағат 23:45-те 112 нөміріне Жезқазған-Қызылорда тас жолында Жезқазған қаласынан 180 шақырым жерде 20-ға жуық жеңіл көлік пен ересектер мен балалар мінген автобус балшыққа батып қалғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына Ұлытау облысы ТЖД және "Қазавтожол" АҚ-дан 6 адам мен 2 техникасы жеткен.
Сағат 11:40-та 75 техника сүйретіліп шығарылды және 300-350-ге жуық адам, оның ішінде 22 бала эвакуацияланды.