АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.