Өңірлер

Ауа райына байланысты үш облыста жол учаскелері жабылды

Республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмылдырылды
Sputnik
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда қозғалыс шектелді.
"10 наурыз сағат 08.00-дегі жағдай бойынша 3 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 118 км 1 автожол:
"Қызылорда-Павлодар" - Ұлытау обл.шек-Топар к. (автокөліктің барлық түрі үшін).
Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол:
"Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (автокөліктің барлық түрі үшін).
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 543 км болатын 2 автожол:
"Жезқазған-Петропавл" - Жезді а-Қостанай обл.шек.
"Қызылорда - Павлодар" -Жезқазған қ.-Қарағанды обл.шек. (автокөліктің барлық түрі үшін)
Республикалық маңызы бар автожолдардың бүкіл желісі бойынша шектеу 744 км-ге немесе бүкіл желінің 2,98%-іне қолданылады. Қазір республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмылдырылды, деп мәлімдеді ҚазАвтоЖол.
Ақтөбеде 8 адам көлікте өртеніп кетті: жол апатына қатысты тың ақпарат шықты