Солтүстік Қазақстанда екі қабатты үйден өрт шығып, бес адам құтқарылды

Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Петерфельд ауылындағы 2-қабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Жедел келген өрт сөндірушілері үйдің екінші қабатынан 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Өртті сөндіруге 15-ке жуық адам мен 2 техника қатысты.
Өрттің себебі - тоқтың қысқа тұйықталуы.