АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Ресейде теракт жасау әрекеті кезінде Қазақстанның екі азаматы мерт болды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
"БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматын террорлық акті жасауды ұйымдастыру кезінде Ресейдің күштік құрылымдары көзін жойғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстан азаматтары екені және Ресейге барғаны расталады", - делінген комитет таратқан ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.