АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылғы табыс бойынша компания нәтижелерін жариялады.
Шоғырландырылған кіріс 290 млрд 385,6 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес көрсеткішінен 14%-ға жоғары. Доллармен есептегенде бұл шамамен 650 миллион долларды құрайды.
"ҚазТрансОйл" АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 32,85 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 66%-ға жоғары.
Сонымен қатар, "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 2023 жылғы кірісі 241 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес көрсеткішінен 14%-ға жоғары.
"ҚазТрансОйл" АҚ бойынша бөлек таза пайда 2023 жылдың соңында 18 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 116%-ға жоғары.
"ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы болып табылады.