Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

Полиция 79 борышкердің тұрғылықты жерін анықтады
Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Атырауда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлады "Мой город".
Атырау облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері іздеуде жүрген борышкерлерді анықтап жатыр.
"Өткен жылы Атырау облысында жүзден астам борышкерге іздеу жарияланды. Қызметкерлер 79 борышкердің тұрғылықты жерін анықтады. Олар арнайы есептен шығарылды. Іздеудегі борышкерлер қатарында Қазақстан азаматтарымен қатар, шетелдіктер де болды", - деп түсіндірді облыстық полиция департаменті.
27 ақпанда полицейлер Өзбекстан азаматын анықтады. 32 жастағы әйел "борышкер" санаты бойынша мемлекетаралық іздеуде болған.
"2022 жылдың 5 желтоқсанында шетелдік азаматқа 53 603 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Одан қарыз өндірілді. Сондай-ақ ол елде болу тәртібін бұзды. Ол қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Павлодар облысында 15 жыл бұрын адам өлтірген қылмыскер ұсталды