Ақтөбе облысында су басқан жолда тәулік бойы патрульдеу жүргізілді

Sputnik
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Сағат 08:00-де ахуал бойынша А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" республикалық маңызы бар автожолының еріген қар суының басу қаупі жоқ, деп хабарлайды Қазавтожол.
Осы учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы штаттық режимде жүзеге асрылып жатыр. Жолшылар тәулік бойы патрульдеу жүргізді.
Еске салсақ, Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" жолын су басты.
194 шақырымында еріген қардың суы жиектегі бөгетті шайып, жолға шығып кетті. Облыста күн жылынып, қар жылдам ери бастаған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жолды басқан судың ені – 20 метр, биіктігі – 3-5 см шамасында.