АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Халықаралық әйелдер күні Ақтаудың 26-шағын ауданындағы перинаталдық орталықта 20-дан астам бала дүниеге келді, деп хабарлады Lada.kz.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 8 наурыз мерекесінде 22 бала дүниеге келді, оның 9-ы қыз, 13-і ұл.
"Ең ауыр салмақта ұл бала дүниеге келді. Оның бойы 60 сантиметр, салмағы 5380 грамм. Осындай параметрлермен туған бала алып болып саналады", - деп жазылған хабарламада.
Ең аз салмақтағы баланың (2700 грамм) бойының ұзындығы 49 сантиметр болды.