Қазақстандық мүсіншілер мұз фестиваліне қатысты

"КроншЛёд" мұз мүсіндерінің фестивалі 8-17 наурыз аралығында өтеді. Оған Қазақстан мен Ресейдің 20-дан астам мүсінші қатысып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Санкт-Петербордағы Петропавл қамалында мұздан жасалған мүсіндердің фестивалі ашылды, деп хабарлады РИА Новости қала губернаторының әкімшілігіне сілтеме жасап.
"КроншЛёд" фестивалі 17 наурызға дейін жалғасады. Оған Қазақстан мен Ресейдің 20-дан астам мүсіншісі қатысып жатыр. Олар мұздан 14 мүсінді жасап шықты. Барлығы арнайы шатырда орналасқан. Ол жерде қажетті температура мен ылғалдылық сақталады.
Петербордың губернаторы Александр Бегловтың айтуынша, фестивальдің негізгі тақырыбы – отбасы. Себебі Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылды Отбасын жылы деп жариялады. Ал Петерборға отбасымен бірге саяхаттап келетін туристер де көп. Сондықтан мүсіншілер оны да ескерді.
"Сондай-ақ мүсіншілер қаламыздың негізгі жетістіктерін де көрсетті. Соның барлығы қазір Мәскеудегі "Ресей" халықаралық көрме-форумында таныстырылып жатыр. Ал "КроншЛёд" фестивалі Петербордың мәдени өмірінде есте қалатын оқиғалардың бірі болып, қалаға келген туристерді көптеп тартады деп сенеміз", - дейді Беглов.
Мүсіншілер мұздан бақытты отбасының мүсінін жасады. Туристер мен романтикалық кездесудің сәтін де көрсетті.
Барлық мүсінді жасау үші Пермь жақтан 200 тонна мұз жеткізілген болатын.