АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері елорда тұрғындарын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлайды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астанада еріктілер тұрғындарға тосынсый жасады
© пресс-служба акима Астаны
Іс-шараның мақсаты – халықаралық әйелдер күнінің маңыздылығына назар аудару, сондай-ақ жағымды және мерекелік атмосфера құру.
"Біз шоколад пен гүл тараттық. Бұл акция арқылы әйелдерге күлкі, жақсы көңіл күй мен жағымды эмоция сыйлағымыз келді. Айта кетері, бұл іс-шараны кешеден бері өткізіп жатырмыз", - деді еріктілердің бірі Айдан Байғандыев.
Астаналық нәзікжандар бөгде адамдардың күтпеген жерден гүлмен құттықтауы қуаныш сыйлағанын жасырмады.
"Жастарға көрсеткен құрметі үшін алғыс айтамын. Осы керемет күнде баршаңызға бақыт пен махаббат тілеймін", - деді Жамал Айтпаева.
Еріктілер қазірдің өзінде мыңнан аса қызғалдақ сыйлады. Акция әлі де жалғасып жатыр.