АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Бүгінде Қазақстанда жеке тұлғалардың кредиті 18 триллион теңгеге жеткен, 2021 жылдың 1 қаңтарында ол 5 трлн болған. Яғни, үш жыл ішінде кредит көлемі 3,5 есеге – 5 триллион теңгеден 18 триллионға дейін өсті.
Бұл туралы мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева YouTube-тегі "Меруерт Қазбековамен Aq jol time" подкасына берген сұхбатында айтты.
"Халықтың көбінің 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар. Оның үстіне клиент кредитті өтей алмаса, екінші, одан кейін үшінші, тағысын тағы бере береді. Мұндай кредиттер жиырма-отыз болуы мүмкін. Кепілсіз тұтынушылық кредиттердің көлемі соңғы екі жылда үш есеге өсті", - деді вице-спикер.
Депутат мәселенің себебін банктердің өзінен көріп отыр. Оларға жеке тұлғаларға тұтынушылық кредит беру тиімдірек – мөлшерлемесі жоғары. Жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме – кепілсіз тұтынушылық несиелер үшін 56%, микроқаржы қарыздары үшін 1000% жоғары.
Дания Мәдиқызы бір топ депутат қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасын әзірлеп жатқанын, онда жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемені төмендету шаралары қарастырылатынын атап өтті.