Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Сенатор Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруіне қатысты пікір айтты

Швеция 7 наурызда ресми түрде НАТО-ға қосылып, альянстың 32-ші мүшесі болады
Sputnik
АСТАНА, 7 наурыз - Sputnik. Ресейдің арнайы әскери операциясы Швеция мен Финляндияны НАТО-ға тартуға себеп емес, сылтау болды, альянс өзінің шабуылдау әлеуетін күшейтіп жатыр, деп хабарлады РИА Новостиге РФ Федерация Кеңесінің вице-спикері Константин Косачев.
"Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қарқынды түрде тартылуы арнайы әскери операциясы бұл процеске себеп емес, сылтау болғанын көрсетеді. НАТО-ның кеңеюі бірінші кезекте тұр. Шындығында, Украина қақтығысының бүкіл тарихы бізді дәл осыған көз жеткізеді", - деді Косачев.
Еске салайық, Швеция 7 наурызда ресми түрде НАТО-ға қосылып, альянстың 32-ші мүшесі болады. Бұл туралы Ақ үй мәлімдемесінде айтылған.
Бұған дейін шведтік TV4 телеарнасы НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде Швеция туын көтеру рәсімі 11 наурызда өтетінін хабарлаған.
Финляндия мен Швеция 2022 жылдың мамыр айында Украинада болған оқиғалар аясында альянсқа кіруге өтініш берді. Финляндия 2023 жылдың 4 сәуірінде НАТО-ның 31-ші мүшесі болды. Швецияның өтінішін алғашында Түркия мен Венгрия мақұлдамады.