Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай Украинаға қатысты бейбіт конференция өткізуді қолдайды – Ван И

Sputnik
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Қытай Ресей мен Украина мойындаған халықаралық бейбіт конференцияны барлық тараптың тең қатысуымен өткізуді қолдайды, деді бейсенбі күні баспасөз конференциясында Қытай сыртқы істер министрі Ван И.
"Қытай Ресей де, Украина да мойындаған, барлық тараптың тең қатысуымен және барлық бейбітшілік жоспарын бейтарап талқылайтын халықаралық бейбітшілік конференциясының уақытылы шақырылуын қолдайды", - деді Ван И Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының сессиясы аясындағы жыл сайынғы баспасөз мәслихатында.
Бейжіңде сейсенбі күні елдің ең жоғары заң шығарушы органы – 14-ші Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының екінші сессиясы ашылды және 11 наурызға дейін жалғасады.
Өткен ақпанда Қытай билігі Мәскеу мен Киев арасындағы қақтығысты реттеуге қатысты позициялық құжат жариялады. Онда 12 тармақ, соның ішінде атысты тоқтатуға шақыру, барлық елдің заңды қауіпсіздік мүдделерін құрметтеу және Украинадағы гуманитарлық дағдарысты шешу тармақтары бар.