АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Алматы мектептерінде белгісіз заттың шамадан тыс дозасын қолданған оқушы есінен танды деген ақпарат әлеуметтіке желіде тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Алматы қаласының білім басқармасы №56 мектепке қатысты әлеуметтік желілердегі жалған хабарламаларға байланысты, оқушының есінен танып қалуы ағзаның жалпы шаршауына байланысты болғанын хабарлайды", - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ведомствоның айтуынша, жасөспірімге келген жедел жәрдем бригадасы барлық қажетті көмек көрсеткен.