АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мектеп директорлары мен мұғалімдердің көзінше ақша ұрлаған адамдарды соттау тәжірибесін бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақтөбеде 55 мектеп-гимназиясының 413 млн теңгеден астам ақшасын ұрлған бухгалтеріне қатысты сот отырысы өтті. Сот ашық режимде өткізілді. Оған облыстағы білім бөлімдерінің қызметкерлері, 403 мектептің директорлары, бухгалтерлері мен педагогтары онлайн режиде қатысты.
"Осы әдістермен біз мемлекеттік қызметшілерді қорқытуды мақсат етпейтінімізді атап өтеміз. Басты мақсат – мемлекеттік сектордың әрбір қызметкері егер де заң бұзушылық жасаған жағдайда, әрбір мемлекеттік қызметшіні не күтетіндігі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдары туралы түсінігін қалыптастыру", - дейді агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерді түрмеге экскурсияға апару тәжірибесі де жалғасып келеді. Сол жерде тергеу кабинеттері, қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камералар, тұтқындардың серуендеуге арналған орны көрсетіледі.
Осындай экскурсиялар арқылы оларға бас бостандығынан айыру мекемелерінде болудың ауыртпалығын сезінуге, сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау салдарымен таныстыруға мүмкіндік бар.