Есілде көліктен екі адамның мәйіті табылды – біреуі полицей болып шықты

Қайтыс болғандардың аты-жөні анықталды
Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ақмола облысында көліктің ішінен екі адамның мәйіті табылды. Олардың біреуі – полицей, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан sinegor.kz.
5 наурызда Есіл қалалық полиция басқармасына бір адам хабарласып, көлік жуу орнының жанында тұрған көлікте екі адамның мәйітін тапқанын айтты. Оқиға орнына барған мамандар Audi A6 маркалы көліктен 28 және 29 жастағы екі ер адамның денесі шығарды.
Қайтыс болғандардың аты-жөні анықталды. Біреуі - полиция сержанты, Есіл аудандық полиция бөліміне қарасты уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеген. Екіншісі – жергілікті тұрғын.
Ер адамдардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала мәліметке сәйкес, екеуі де алкоголь ішпеген. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ақмола облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына барған тәртіп сақшылары көлік мінген екі ер адамның түнде көлік жуу орнына кіргенін анықтады. Сол жерде екеуі ұйықтап қалған. Алдын ала мәліметке сәйкес, олар иіс тиіп уланған.
Өңірлер
"Мәйіт" тіріліп кеткен: екібастұздық жұрттың зәресін ұшырды