АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Дүниежүзілік жастар фестивалінің қатысушылары халықаралық жас кәсіпкерлер қауымдастығын құру туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлады форумның баспасөз қызметі. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Қоғамдастық дүниежүзілік жастар фестивалінің мұрасына айналады. Білім, тәжірибе және ресурстармен алмасу орталығы ретінде арнайы құрылған платформа болашақта қатысушыларға өз бизнесін дамытуға, әр мемлекеттің бизнес ортасын зерттеуге, кәсіпкерлерге жаңа нарықтарға шығуға, байланыстар желісін кеңейтуге және кәсіпкерлік қызметте жаңа биіктерге жетуге көмектеседі", - деді Росмолодежа басшысының кеңесшісі Олег Макаров.
Макаровтың айтуынша, фестиваль жаңа қоғамдастық құру үшін тамаша алаңға айналды. Мұнда жас кәсіпкерлер үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, бизнестің өзекті мәселелері талқыланды.
Айта кетері, фестивальге 190 мемлекеттен қонақтар қатысты.