АСТАНА, 6 наурыз – Spunik. Болгария әскерилері Украинаға қолданылған броньды техникалар партиясын тасымалдай бастады, деп хабарлады bTV телеарнасы.
Болгарияның халық жиналысы (парламент) 1980 жылдардан бері Болгария Ішкі істер министрлігінің қоймаларында сақталған 100 ескі бронетранспортерді Киевке тегін беру туралы келісімді қарашада ратификациялады. Алайда қаржы тапшылығына байланысты техниканы беру кешіктірілді.
Украинаға бағытталған барлық 110 бронетранспортер Софиядағы жандармерия бас басқармасының базасында сақтаулы тұр.
Сәрсенбі күні Нови-Искыр қаласындағы теміржол станциясына жөнелту үшін алғашқы бронетранспортер жүк көлік-платформаға тиелген.
Оларды тасымалдауға Қорғаныс министрлігі жауапты. Броньды машиналар ашық көк түске боялған.
BulgarianMilitary.com сайтының хабарлауынша, бронетранспортер тиеу орнында 2С1 "Гвоздика" өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар да көзге түскен. Алайда оларды қайда жөнелтетіні белгісіз.