Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мекемеде жемқорлықтың ірі схемасы анықталды

Соттың санкциясымен күдікті үй қамағына алынды
Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы бірнеше облыста пара алғаны анықталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл мекеме ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарайды.
"Орталық басшысы Шенеунік Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Абай және Жетісу облыстары бойынша филиалдарының басшыларынан қызметтегі жалпы қамқорлығы және олардың мүддесі үшін іс-қимыл жасағаны үшін бірнеше рет пара алғаны үшін айыпталып отыр", - дейді агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Соттың санкциясымен күдікті үй қамағына алынды. Сондай-ақ филиал басшыларының пара беру фактілері бойынша мәселе қаралатын болады. Тергеу шаралары жалғасуда.