Атырауда спорт басқармасының басшысы парамен ұсталды

Ол спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына бөлінген қаражаттан 1,2 млн теңге талап еткен
Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы парамен ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаменті дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуге кірісті.
"Лауазымды тұлға спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына бөлінген қаражаттан 1,2 млн теңге сомасында пара алғаны үшін айыпталып отыр. Тергеу жалғасып жатыр", - деді агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов брифингте.
Бүгінгі брифингте бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановтың не үшін ұсталғаны да белгілі болды.
Ерлан Қожағапановтың не үшін ұсталғаны белгілі болды