Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды - қылмыстық іс қозғалды

Жол апатынан 11 адам зардап шеккен
Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Ақтөбе-Астрахань тас жолында екі көлік соқтығысып, сегіз адам көз жұмды.
6 наурыз күні таңғы сағат 08:36-да LADA Largus пен Toyota Hilux көліктері соқтығысқан. Салдарынан Largus көлігі отқа оранды.
"Көз жұмған сегіз адамның жарақаты аса ауыр ауыр болған. Үш адам Мұғалжар ауданының ауруханачсына жеткізілді. Олар ауруханаға жатудан бас тартты ", - делінген Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Сегіз адамның өмірін қиған жол апатынан соң қылмыстық іс қозғалды.
Ақтөбе облыстық прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.