Фото

"Әлем аруы-2024": Үндістанда сұлулық мерекесі өтіп жатыр

"Әлем аруы - 2024" 71-ші халықаралық сұлулық байқауы отыз жылға жуық уақыттан кейін Үндістанға қайта оралды
Sputnik
"Әлем аруы" байқауының өз кредосы бар: "Мақсаты бар сұлулық". Яғни, байқаудың құрылтайшылары ақыл-парасат пен қоғам игілігі үшін әрекет етуге ниет болғанда ғана бет-әлпет пен дене бітімнің сұлулығы әлемді өзгерте алады деген идеяны жеткізуге тырысты.
Сондықтан байқауға қатысушылар сыртқы сұлулығымен ғана емес, интеллектуалдық қабілеттерімен де бағаланады. Осы мақсатта байқау бағдарламасына түрлі сынақтар енгізіліп, қыздарға өздерінің әдемілігін ғана емес, ақылдылығы мен талантын көрсетуге мүмкіндік берілді.
Бұл жолы ең әдемі және ақылды арудың тәжін кім алатыны 9 наурызда белгілі болады. Бұл күні жарыстың финалы өтеді. Әзірше сұлулық бойынша жарыс қатысушыларының суреттерін тамашалайық!
1 / 7

"Әлем аруы" байқауын 1951 жылы Ұлыбританияда Эрик Морли құрған.

Суретте: Молдовалық Диана Спотаренко Үндістанның Мумбай қаласындағы "Әлем аруы" байқауында.

2 / 7

"Әлем аруы" байқауы – ең көне халықаралық сұлулық байқауы.

Суретте: Никарагуалық Мариэла Серрос Үндістанның Мумбай қаласындағы "Әлем аруы" байқауында.

3 / 7

2000 жылы Морли қайтыс болғаннан кейін оның әйелі Джулия Морли байқаудың тең төрағасы болды.

Суретте: Америкалық Виктория ДиСорбо Үндістанның Мумбай қаласындағы "Әлем аруы" байқауында.

4 / 7

"Дүние жүзі аруы", "Халықаралық ару" және "Жер аруы" сияқты бұл байқау да төрт ірі сұлулық байқауының бірі болып танылады.

Суретте: Сомалилік Бхаджа Мохамуд Үндістанның Мумбай қаласындағы "Әлем аруы" байқауында.

5 / 7

"Мақсаты бар сұлулық" байқауының финалы Мумбайда 9 наурызда Jio дүниежүзілік конференция орталығында өтеді.

Суретте: Үндістанның Мумбай қаласындағы "Әлем аруы" байқауына қатысушылар.

6 / 7

Үндістан "Әлем аруы" байқауын бірнеше рет жеңіп алды және жеңімпаздар қатарында ішінде 1994 жылы Айшвария Рай Баччан және 2000 жылы Приянка Чопра Джонас бар.

Суретте: Шри-Ланкалық Кавинди Нетмини Үндістанның Мумбай қаласындағы "Әлем аруы" байқауында.

7 / 7

"Әлем аруының" 100-ден астам елде ұлттық кеңселері бар.

Суретте: Франциялық Клеманс Ботино Үндістанның Мумбай қаласындағы "Әлем аруы" байқауында.