АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Қазгидромет биылғы су тасқынына қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
NASA спутниктерінің суреттері бойынша 2024 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның 72% жерінде әлі қар жатыр.
Мамандар жазық жердегі өзендерді зерделеп, жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарды да анықтады.
Жоғары қаупті бар өңірдер: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары.
Орташа қауіп: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстары.
Маңғыстау облысында ғана су тасқының қаупі төмен болып тұр.
Қазіргі кезде Қарағанды облысының Нұра және Шерубайнұра, Ұлытау облысының Кеңгір және Сарысу, Ақмола облысының Есіл, Сілеті (Сілеті су қоймасына құйылу), Шағалалы және Жабай, Солтүстік Қазақстан облысының Есіл, Қостанай облысының Тобыл, Аят және Торғай, Ақтөбе облысының Ілек, Ойыл және Ырғыз, Батыс Қазақстан облысының Чижа-2, Утва, Дерқұл, Шаған, Өлеңті мен Шідерті, Атырау облысының Ембі өзендерінің бассейндерінде топырақ бетінде қалыңдығы 6,6 см-ге дейін мұз қабықтары байқалады.
"Наурызда температураның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр болған жағдайда бұл еріген қар мен жаңбыр тасқынының пайда болуына әкелуі мүмкін", - дейді синоптиктер.