АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Биыл көктемде автогаз бағасы 5-8 теңгеге өседі. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, министрлік сұйытылған мұнай газының бағасын жыл сайын өсіруді жоспарлап отыр.
"Биыл әр өңірге байланысты 5-8 теңге шамасында көтеру жоспарда бар. Министрлік осы жылы көктемде өсіруді жоспарлап отыр", - деді Сәтқалиев энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысынан кейін өткен брифингте.
Бұған дейін министр Қазақстанда автогаз арзан екенін, соның салдарынан газ өндіру саласы шығынға ұшырап жатқанын мәлімдеген еді.
Мысалы, Ресейде бір литр газдың бағасы 165 теңге болса, елімізде өңірлерге байланысты 54-86 теңгені құрайды.