Былтыр электр энергиясын тұтыну көлемі 1,9%-ке өсті

2030 жылға қарай 6,2 ГВт-қа дейін электр қуаты тапшылығы болуы мүмкін
Sputnik
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. 2023 жылы электр энергиясын тұтыну 115,06 млрд.кВт сағатты құрады және 2022 жылмен салыстырғанда 1,9%-ке өсті. Бұл туралы "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқалы отырысында айтты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"Бұл ретте электр энергиясын өндіру 2022 жылғы деңгейде қалып, 112,82 млрд.кВт сағатты құрады. 2023 жылы жүктеменің өсуі кезінде Қазақстанның электр станциялары генерациясының төмендегені байқалып отыр", - деді Айтжанов.
Оның айтуынша электр қуатының тапшылығы 1 519 МВт-ты құрады, ол Ресей Федерациясынан алынған энергиямен қамтылды.
2024-2030 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды балансы 2030 жылға қарай 6,2 ГВт-қа дейін электр қуаты тапшылығына әкеледі.
Алдағы күзгі-қысқы кезеңде 2024 жылғы қазаннан 2025 жылғы наурызға дейін болжамды жүктеме 17,4 ГВт және станцияларды генерациялау 16,4 ГВт болды, тапшылық шамамен 1,025 ГВт-ты құрайды, оны негізінен Ресей Федерациясынан импорттың көмегімен немесе Қазақстан тұтынушыларын шектеу арқылы қамтуға болады. Еліміздің оңтүстігі ең энергия тапшы аймақ болып табылатындығы өздеріңізге белгілі.
Алдағы күзгі-қысқы кезеңде 2024 жылғы қазаннан бастап 2025 жылғы наурызға дейін болжамды жүктемесі 17,4 ГВт және станция генерациясы 16,4 ГВт болатын тапшылық шамамен 1,025 ГВт құрайды, ол негізінен Ресей Федерациясынан импорт немесе қазақстандық тұтынушыларға шектеу енгізу есебінен жабылуы мүмкін. Ең энергия тапшы аймақ – еліміздің оңтүстігі.
"Оңтүстік өңірдің қажеттіліктерін толық қамту және шектеу енгізуге жол бермеу үшін Жамбыл ГРЭС-і 5 блоктық режимде жұмыс істеуі қажет", - деп атап өтті Айтжанов.
Қазақстанға АЭС салу қажет – сарапшы себебін айтты