Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның қазіргі билігімен келіссөз жүргізу мүмкін емес – Медведев

Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Украинаның қазіргі билігімен келіссөз жүргізу мүмкін емес екенін айтты, деп жазды РИА Новости.
Ресейлік "Білім" қоғамының 2024 жылғы дүниежүзілік жастар фестиваліндегі "Білім.Бірінші" марафонында Медведевке "Украина үкіметіне Ресеймен конструктивті келіссөз жүргізуге дайын адамдардың келуі мүмкін бе?" деген сұрақ қойылды.
"Егер Украинаның қазіргі үкіметі туралы айтып отырсаңыз, онда жауап қысқа – жоқ, ол мүмкін емес. Ондай адамдар ол жақта болмаған және болмайды да", - деп жауап берді Медведев.
Ол Украинаның қазіргі билігі "Зеленский формуласы" сияқты "ақылға қонбайтын идеяларды" алға тартып жатқанын, алайда ол іске аспайтынын өздері жақсы түсінетінін айтты.
Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары сондай-ақ Украинаның жаңа басшыларымен бейбіт келіссөз жүргізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еурокомиссия Ресей активтерінен түскен қаржыға Украинаға әскери техника алуға шақырды