Ресей таяу шетел елдерімен диалогқа ашық - Медведев

Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ресей таяу шетелдегі мемлекеттерді ештеңеге мәжбүрлемейді, оларға санкциялар қолданбайды, олармен диалогқа ашық, деді Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев. Бұл туралы РИА Новости жазды.
"Таяу шетел мемлекеттерімен бізде аумақтық даулар жоқ. КСРО ыдырағаннан кейінгі жылдары біз олармен тиімді сауда кооперациясын, адамдар арасындағы жайлы қарым-қатынасты сақтап қалдық. Айта кетейін, Ресей өзінің жақсы көршілеріне саяси бағыт бермейді, оларға қалай өмір сүру керектігін көрсетпейді, санкциямен қорқытпайды", - деді Медведев "Знание.Первые" марафонында.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясы мен таяу шетел мемлекеттері бір-бірінің сөзіне құлақ асып, мүдделерін мейлінше ескеруге тырысады.
Бүкіләлемдік жастар фестивалі 1-7 наурыз аралығында Сириус федералды аумағында өтіп жатыр. Фестивальді ұйымдастырушы – Росмолодежь.
Путин Бүкіләлемдік жастар фестивалін ашты