Қасым-Жомарт Тоқаев үшінші тоқсанда Беларуське ұшып келеді –Лукашенко

Беларусь басшысы сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар өзара тауар айналымын 1 миллиард доллардан асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді
Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың үшінші тоқсанында Беларуське ресми сапармен ұшып келеді, деді Александр Лукашенко Қазақстанның елшісі Ерлан Байжановпен кездесуі барысында. Бұл туралы Sputnik Беларусь агенттігі хабарлады.
"Біздің сізбен кездесуіміз жайдан-жай болып жатқан жоқ. Өздеріңіз жақсы білесіздер, үшінші тоқсанда Қазақстан президенті ресми сапармен Беларуське ұшып келеді", - деп атап өтті Лукашенко.
Лукашенконың айтуынша, бірқатар мәселені талқылау қажет, себебі келіссөздер жоғары деңгейде өтеді. Мүдделі тараптардың кездесулері жоспарланған.
Беларусь басшысы сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар өзара тауар айналымын 1 миллиард доллардан асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
"Беларусь және Қазақстан сияқты мемлекеттер іргелі қарым-қатынас орнатуы керек", - деп есептейді Лукашенко.
Ол қазір халықаралық аренада қиын жағдай қалыптасып, ол Беларуське әсер етіп отырғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, бұл Батыс елдерінің шектеулеріне қатысты. Беларусь тарапы Қазақстанға еш қиындық туғызбай, онымен ынтымақтасады.
"Егер біз Беларусь пен Қазақстанды қызықтыратын бағытта қозғалатын болсақ, біз санкцияларды ғана емес, сонымен қатар кез келген тосқауылдар мен кедергілерді еңсере аламыз", - деді Лукашенко.
Бұған дейін Қазақстан елшісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь астанасына сапары осы жылдың бірінші жартыжылдығына дайындалып жатқанын хабарлаған болатын.
Қазақстан президенті 2023 жылдың қарашасында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Беларусь Республикасына барған болатын. Биыл Минсктен кейін ұйымға Астана төрағалық етіп жатыр.