АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлады Ақорда.
Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.
Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.