АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Ақтау қаласында эскалаторға мінген жеті жасар қыз саусағынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл оқиға 1 наурыз күні қаладағы сауда орталықтарының бірінде болды. Баланы шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізген.
"Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жарақат алған жеті жасар қыз түсті. Бала саусағының бір бөлігінен айырылып қалды. Мамандар саусақты сақтап қалу үшін барын салды. Кішкентай қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді", - дейді дәрігерлер.
Қазіргі кезде кішкентай пациент ем-дом алып жүр. Жарақаты жазылып келеді, бірақ саусағы бұрынғыдай бол ма, әзірше белгісіз.