АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайы жер сілкінісінен кейін барлық қызметтер қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
"Алматы халықаралық әуежайы жер сілкінісінен кейін әуежайдың барлық қызметтері қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлайды. Ұшу-қону жолағы мен перрон тексеріліп, ешқандай зақым табылмады", - делінген ресми хабарламада.
Бүгін Алматыда сағат 11:22-де дабыл қағылды. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Алматы облысында 5 балл, ал Жетісуда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Sputnik Қазақстан тілшісінің хабарлауынша, дүмпу анық сезілді. Тұрғындар ғимараттардан эвакуацияланып жатыр. Көшеде сырт киімін киіп үлгермеген адамдар да жүр.
Алматы, Алматы облысы, Жетісу облыстарында жедел желі жұмыс істеп тұр.
Телефондар:
Министрліктің орталығы: 87172 - 704114
Алматы - 2782083, 2782084
Жетісу облысы - 87282 - 220218
Алматы облысы - 872722- 26097