Алматыда жер қатты сілкінді: адамдар эвакуацияланып жатыр

Жер сілкінісі кезінде қалада дабыл жүйесі іске қосылған
Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Алматы шамамен 11.20-да жер сілкініп, дабыл жүйесі іске қосылды. Sputnik Қазақстан тілшісінің хабарлауынша, дүмпу анық сезілді.
Бұл жолы құлақтандыру жүйесі іске қосылды. Қаңтарда Алматыда жер сілкінгенде дабыл жүйесі қосылмаған еді.
Тұрғындар ғимараттардан эвакуацияланып жатыр. Көшеде сырт киімін киіп үлгермеген адамдар да жүр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, эпицентр Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Сейсмологтардың бағалауынша жер сілкінісінің амплитудасы 6,1. Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі сезілді.
Алматы облысында 5 балл, Жетісуда облысында - 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті дүрбелеңге бой алдырмауға шақырды. Ғимараттардан шығып, жақын жердегі халықты қабылдау пункттеріне бару керек.
"Ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер. Жағдай нақтыланған соң қосымша ақпарат жеткізіледі", - деді ол.