АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Алматыда тағы да жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі мұның афтершок екенін мәлімдеді.
"Алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісі Қытай аумағында болған. Алматы қаласында 2 балл көлемінде сезілді" дейді ведомстводан.
Сейсмикалық стансалар желісі сағат 12:54 кезінде болған зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 255 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында екенін растады.
Магнитудасы — MPV 5.3. Энергетикалық класы — 11.9.
Бұған дейін 11.22-де қалада 5 баллдық жер сілкініі сезілді. Оның эпицентрі Алматыдан 30 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан еді.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екенін мәлдімдеген.
"Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды. Дәл қазіргі уақытта жер дүмпуінің қайталану қаупі әлі де сақталады. Афтершок. Бүкіл қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтап, жақын орналасқан халықты қабылдау пунктіне баруларыңызды сұраймыз", — деді Нұрлан Атығаев.