АЛМАТЫ, 4 ақпан – Sputnik. Алматыда шекара бөлімінің әскери қызметкері педофил деген күдікке ілінді.
Әлеуметтік желілерде әскери қызметкердің педофилдік әрекеті туралы ақпарат тарады. Ақпаратта подполковник 14 жасар баламен жақын қарым-қатынас үшін кездескісі келді деп жазылған.
"Бұл дерек бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Объективті жағдайлар анықталып жатыр", - дейді ішкі істер министрлігі.
Күдікті Алматыдағы шекара бөлімінде қызмет еткен подполковник деген ақпарат тарады.