Қоғам

8 наурыз мерекесіне орай біржолғы төлем беріледі – оны кімдер алады

Біржолғы көмектің мөлшері 9 230 теңгені құрайды
Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне 34 мың әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Әлеуметтік көмекті елорданың көпбалалы аналары алады.
"8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен аналарға – 34 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді", - делінген хабарламада.
Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы аналарға беріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек тек мұқтаж адамдарға тағайындалады – министр