АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
''Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын'', – деді Тоқаев өзінің жеделхатында.
Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген. Техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі.
"Дәyip-Время", "Эпоха" газеттері, "Мысль", "Арай-Заря" журналдарының бас редакторы болып қызмет атқарды.
1992-993 жылдары Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары болды.
"Вызов времени", "Миражи и реалии", "Служение нации" атты кітаптарының авторы.