Саясаттанушы және журналист Сейдахмет Құттықадам қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Танымал саясаттанушы, журналист, публицист Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
"Сейдахмет Құттықадам жазған әр кітабында, берген әр сұхбаты мен зерттеуінде демократия құндылықтарын насихаттайтын. Қатты айтса да анығын айтып, мемлекетті басқарудың мансап қана емес қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, сондықтан ел билегендердің ең алдымен жанашыр болуы керектігін жете түсіндіретін", - деп жазды желіде Шымкент әкімдігі ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Мәди Манатбек.
Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген. Техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі.
"Дәyip-Время", "Эпоха" газеттері, "Мысль", "Арай-Заря" журналдарының бас редакторы болып қызмет атқарды.
1992-993 жылдары Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары болды.
"Вызов времени", "Миражи и реалии", "Служение нации" атты кітаптарының авторы.
Танымал қазақстандық зілтемірші қайтыс болды