АСТАНА, 3 наурыз - Sputnik. Әлемнің 23-ші ракеткасы Александр Бублик Дубайда өткен ATP-500 турнирінің финалында жеңіліп қалды, бірақ рекорд орнатты.
Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшысы шешуші ойында әлемнің 18-ші ракеткасы франциялық Уго Умберден екі сетте 4:6, 3:6 есебімен жеңілді.
Теннисшілер алаңда 1 сағат 26 минут ойын өткізді. Матч барысында қазақстандық спортшы 9 эйс пен алты брейк-пойнттың екеуін орындады.
Финалдағы жеңіліске қарамастан Бублик АТР-дің жаңартылған рейтінгінде өзі үшін де, Қазақстан үшін де рекордтық 19-шы орынға көтерілді. Бұған дейін ешқашан Қазақстан өкілі әлемдік рейтингте алғашқы жиырмалыққа кірген емес.