Тоқаев пен Путин екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің Федералдық жиналысқа жолдауы мазмұнды, бағдарламалық сипатта болғанын ерекше атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
"2024 жылдың 21 ақпанында Қазан қаласында өткен пікір алмасу жалғасын тауып, сауда-экономикалық, көлік-логистика және энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударыла отырып, екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті мәселелер талқыланды", - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентінің Федералдық жиналысқа жолдауы мазмұнды, бағдарламалық сипатта болғанын ерекше атап өтті.
Мемлекет басшылары Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтастық және стратегиялық серіктестік қатынастарын жан-жақты нығайтуға өзара бейілділік танытты.