АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Ақтаудағы№19 мектеп-гимназияның бастауыш сынып оқушылары бірыңғай түстегі тақия мен заманауи үлгідегі кеудеше киіп жүр. Ендігі кезек жоғары сыныпта оқитын жеткіншектер дәстүрлі мектеп формасын ұлттық киімге ауыстырмақ ниетте. Бұл бастаманыұстаздар қауымыда қолдапотыр, депхабарлады 24.kz.
Көк тумен түстес тақия, жеңсіз кеудеше киген 27 ұл-қыз үшінші сынып оқушылары. Олар жыл басында дәстүрлі мектеп формасын ұлттық әрі заманауи үлгідегі киімге ауыстырды. Мұғалім көтерген бастаманы ата-аналар бір ауыздан қолдапты. Өзгелерден ерекше киіммен сабаққа келетін оқушылар да қуанышты.
"Маған бұл киімдер ұнайды. Басқа сыныптардан ерекше болып жүреміз. Өйткені барлығымыз бірдей киінеміз. Ыңғайсыз болған жоқ, өйткені бұл қазақтың ұлттық киімі", - дейді оқушы Раяна Екібай.
Бастауыш сынып мұғалімі Шолпан Қошманованың айтуынша, мақсат – ұлттық идеологияны дәріптеу.
"Ұл-қыздарымыз бұл киімді қонаққабарғанда ғанакимеу керек. Күнделікті киіп жүруге болады екен. Біз де мәзбіз, балалар да мәз", - дейді ол.
Ұлттық нақыштағы киімдерді көпке дәріптеген мектеп-гимназияда үш мың бес жүзге жуық бала бар. Мыңнан астамы бастауыш сыныпта оқиды. Өзінен кіші балалардан жоғары сынып оқушылары үлгі алып, бірыңғай түстегі тақия мен кеудеше тіккізіп жатыр.
Ұстаздар қауымы да күнделікті киетін костюм, көйлегін этно үлгідегі қазақы киімге ауыстырмақ ниетте.
"Ата-ана болсын, мұғалім немесе оқушы болсын, олардың әрқайсының пікірі мен ойы біз үшін құнды. Бірге тәрбиелеп отырғандықтан олар көтеріп отырған идея дұрыс болса оны құптауға біз әрқашанда дайынбыз", - дейді мектеп-гимназия директорыМәдина Әбдиева.
Білім ұясында биыл "Nomad" атауымен танымдық клуб ашылды. Мұнда оқушылар Қазақстан тарихы пәнінен үйірме сағатына қатысады. Оқу кабинеті тақырыпқа сай әсем безендірілген.