Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ұшақ апатынан қайтыс болғандардың денесін Украинаға беруге дайынбыз – Ресей омбудсмені

24 қаңтарда Украинаның қарулы күштері Белгород облысында Ил-76 әскери ұшағын атып түсірген еді
Sputnik
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ресей Белгород облысында оқтан апатқа ұшыраған Ил-76 әскери ұшағында қаза тапқандардың денесін Украинаға беруге дайын. РИА Новости агенттігіне сұхбат берген адам құқықтары жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова осы ақпаратты растады.
"Иә, дайынбыз, ол үшін барлық қажетті шаралардың тәртібі бар. Соған сәйкеc, қаза тапқандардың денесін беруге болады", - деді Москалькова.
Омбудсмен Ил-76 ұшағының апаты бойынша Украина тарапымен үнемі байланыста екенін де жеткізді.
24 қаңтарда Украинаның қарулы күштері Белгород облысында Ил-76 әскери ұшағын атып түсірді. Бортта тұтқын алмасу үшін Белгород облысына жеткізілген Украина қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 әскери қызметкері, ұшақтың алты экипаж мүшесі және сүйемелдеп апарушы үш адам болған.
Ресей президенті Владимир Путинның айтуынша, Украинаның барлау қызметі Ил-76 бортында тұтқындардың болғанын білген. Соған қарамастан, соққы жасады. Сарапшылар америкалық Patriot жүйесімен оқ атылғанын анықтады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ил-76-ны америкалық Patriot зымыраны атып түсірді – Путин