РФ Сыртқы істер министрінің Анталиядағы дипломатиялық форумда сөйлеген сөзі – тікелей эфир

Sputnik
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан дипломатиялық форумда сөз сөйледі. Күн тәртібінде аймақтық және халықаралық мәселелердің кең ауқымы бар. Толығырақ - тікелей эфирде.
Хабарланғандай, Түркияда Африка, Таяу Шығыс, Орталық Азия, Еуропа сияқты жүзге жуық елдің мемлекет басшылары, министрлері мен саясаткерлерінің қатысуымен үшінші дипломатиялық форум басталды.
Шараға жүздеген елден төрт мыңнан астам адам қатысуда. Олардың қатарында Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да ТМД елдерінің Сыртқы істер министрліктерінің басшылары бар.
Биылғы форумның басты тақырыбы – "Дағдарыс кезеңіндегі дипломатияның басымдығы".