АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ресей әскерилері бір апта ішінде бес украиндық "Буковел-АД" радиоэлектронды күрес станциясын жойды, деп хабарлады жұма күні Ресей қорғаныс министрлігі.
"Бір апта ішінде Р-18 радиолокациялық станциясы, екі радар және S-300 зениттік-зымырандық кешеніне арналған ұшыру қондырғысы, норвегиялық NASAMS зениттік-зымыран кешеніне арналған жауынгерлік машина, сондай-ақ бес Буковел-АД радиоэлектронды күрес станциялары жойылды", - делінген әскери ведомствоның хабарламасында.