Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Неміс әскерилерінің Қырым көпіріне шабуыл жасау жоспары: ресейлік саясаткерлердің пікірі

Германияның қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты
Sputnik
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Ресейлік саясаткерлер Бундесвердің жоғары лауазымды өкілдерінің Қырым көпіріне "Таурус" зымырандарымен жасалған шабуылды талқылаған әңгімесінің жарияланған мәтініне жауап берді. Sputnik Қазақстан қысқаша шолу дайындады.
Қырым көпірі – бір сөзбен айтқанда өмір жолы. Немістердің оны бомбалау ниеті тарихты еске түсіреді - мемлекеттік Думаның депутаты Выборный;
Қырым көпіріне соққы жасау әрекеті Берлиндегі Бранденбург қақпасының құлауына әкелуі мүмкін - мемлекеттік Думаның қорғаныс істері жөніндегі комитеті басшысының бірінші орынбасары Журавлев;
Берлин елді Ресеймен тікелей қақтығысқа түсіру жоспарына қатысты нақты жауап беруге міндетті - Федерация Кеңесінің вице-спикері Косачев;
Бундесвер офицерлері нацистердің әрекетін қайталағысы келеді, бірақ мұның соңы оларға ауыр зардаптар алып келеді - мемлекеттік Думаның ТМД істері жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Водолацкий;
Киевке "Таурус" алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарын сеніп тапсыруға болмайды, олар батыстық кураторлар тыйым салған жерде де бағыттай салуы мүмкін - Федерация Кеңесі Қорғаныс комитеті төрағасының бірінші орынбасары Бондарев;
Макронның сөзінен кейін Батыстың Украинаға әскер жібергісі келетіні ресми түрде көрініс берді, ал бейресми түрде олар бұрыннан сонда - Лавров.
Германияның жоғары шенді әскери қызметкерлері арасындағы әңгіме 19 ақпанда болды. Оны Бундесвер Әскери-әуе күштері қолбасшылығының операциялар және оқу-жаттығулар бөлімінің бастығы Грефе, Бундесвер әскери-әуе күштерінің инспекторы Герхарц және Бундесвер ғарыштық қолбасшылығының Фенске және Фростедт әуе операциясы орталығының қызметкерлері басқарды.
Германияның Қорғаныс министрлігі Қырым көпіріне шабуыл жасау туралы әскери қызметкерлерінің арасындағы әңгіменің жазбасына қатысты ақпаратқа түсініктеме бермейтінін мәлімдеді.