Бішкек ЖЭО-сындағы апат: Қазақстан Қырғызстанға 17 вагон гуманитарлық жүк жөнелтті

Гуманитарлық жүк Қырғыз Республикасы энергетика министрлігінің өкілдеріне беріледі
Sputnik
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қырғыз Республикасына Бішкек ЖЭО-дағы апатты жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен дизель отыны түріндегі 2 000 тонна гуманитарлық жүк бөлінді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Гуманитарлық көмек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жіберілді.
28 ақпанда "Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Заря" филиалынан 1 000 тонна дизель отынының бірінші партиясы 17 вагонцистернамен жөнелтілді.
Гуманитарлық жүк Қырғыз Республикасы энергетика министрлігінің өкілдеріне беріледі.