АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстанда ақпан айында бағалардың айлық индексі үдей түсіп, 1,1 проценкте дейін жетті. Қаңтар айында бұл көрсеткіш 0,8% болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйке, бір айдың ішінде ақылы қызметтер – 1,7 процентке, азық-түлік тауарлары - 0,8 проценкте, ал азық-түлік емес тауарлар 0,7 проценкте қымбаттады.
Қазақстанда ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында тіркелді. Ол жақта тауар мен қыметтер 1,9 процентке қымбаттап кетті. Бұл орташа республикалық деңгейден 0,8 п.т. жоғары. Ал ең төменгі айлық инфляция (0,5%) Абай және Алматы облыстарында тіркелді.
Ал жылдық инфляцияның деңгейі одан да жоғары болып тұр. Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда бағалар айтарлықтай өсті.
Тарифтер:
су бұруға – 33,9%;
орталықтан жылытуға – 30,9%;
суық суға – 30,8%;
қоқыс шығаруға – 30,7%;
ыстық суға – 29,4%;
электр энергиясына - 19,9%;
Санаторийлердің бағасы 16 процентке қымбаттаса, денсаулық сақтау қызметтері 13,9 процентке көтерілді. Бұдан бөлек, ұялы байланыс қызметтері - 12,4%, таксимен жол жүру – 11,7%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігі – 8,7%, қалааралық автобус қызметі - 8,2% жоғарылады.
Тауарлар:
күріш – 26%;
жұмыртқа – 18,3%;
жаңа жиналған жемістер – 17,2%;
минералды және ауыз су – 16,9%;
салқындатылған сусындар – 16,6%;
алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері – 14,4%;
жеміс және көкөніс шырындары – 12,5%;
сары май – 12,2%;
пастерленген сүт – 11,3%;
айран – 10,9%;
макарон өнімдері және қамырдан жасалған өнімдер – 10,4%;
балық және теңіз өнімдері - 10,1%;
Ал пияз (42,5%), қарақұмық (24,3%), күнбағыс майы (21,2%), құмшекерге (14,8%) мен картоп (12%) арзандады.
Жалпы, инфляция бір жылда баяулап, 9,3 процентті құрады.