ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен Шымкент тұрғынын ұстады

Ол алыс шет елдердің бірінде радикалды идеологияны қабылдаған
Sputnik
АСТАНА, 29 ақпан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шымкент тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2024 жылдың 28 ақпанында ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.
Тергеу нұсқасы бойынша күдікті ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.