Ақтөбе облысында кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс заңсыз қозғалған

Кәсіпкерге қатысты негізсіз басталған сотқа дейінгі тергеу тоқтатылып, тәркіленген мүлік кәсіпкерге қайтарылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысы Хромтау ауданында кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс заңсыз қозғалған, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Биыл 21 ақпанда Хромтау аудандық полиция бөлімі "Сектор" ойын клубының иесіне қатысты қылмыстық іс қозғаған.
"Полиция бөлімі қандай да бір арыз немесе шағым болмағанына қарамастан, авторлық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану дерегі бойынша ҚК-тің 198-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудібастаған. Алайда қылмыстық қудалау органы қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы істердің тек жәбірленушінің шағымынан ғана басталатынын ескермеген", - дейді прокуратура.
Аудан прокуратурасы кәсіпкерге қатысты негізсіз басталған сотқа дейінгі тергеудітоқтатып, тәркіленген мүлік кәсіпкерге қайтарылып берілді.
Ал қылмыстық істі заңсыз қозғаған полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды.